Жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы орта мектеп 2022-2023 оқу жылында бірінші сыныпқа баратын оқушылардың құжатын қабылдауды сәуір айының 1-нен бастап,тамыз айының 1-не дейін жалғасатындығын хабарлайды.
Мектепке алты жасқа толған және ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.Ал жасы 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.
Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер ,содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады.
Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде жіберіледі.
Қандай құжаттар қажет?
Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
Егу паспорты (065/у нысаны)
Баланың суреті (3×4 өлшемді)
Мектепте «өзі-өзіне қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жасайтындығын еске саламыз. Яғни,ата-ана мектептен «электрондық үкімет» веб-порталына тіркеле алады.
Бірінші сыныпқа құжат қабылдайтын жауапты маман: Асылзада Әнуарбекқызы
Байланыс телефоны: 8778-610-72-91
Е-майл почта:
Мектеп телефоны: 87122 51-53-89
Жұмыс уақыты: 09:00-18:30
Атырау қаласы ,жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы орта мектептің
2021-2022 оқу жылы бойынша оқушыларды 1-ші сыныпқа қабылдайтын мұғалімдер
туралы мәлімет
| № | Мұғалімнің аты-жөні | Телефоны | Эл.почта |
| 1 | Андакулова Асылзада Әнуарбекқызы | 8778-610-72-91 | |
| 2 | Сембаева Ақмарал Русланқызы | 8775-073-16-93 |
| № | Аты | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | АДРЕС РАКУШ БАЛАУСА |